СУДА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

1  443 көрілім

Суда шомылу кезінде  тәртіп ережесінің талаптарын әрдайым естен шығармағаныңыз жөн. Бұл отбасыңыз бен жақындарыңызды өкінішті оқиғаларға ұрынудан сақтайды. Жақсы жүзе білетіндерге су қорқынышты емес. Дегенмен, жақсы жүзушілер өздерін суда сенімді сезінгендіктен және әлдерін білмегендіктен суға көп батады. Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің қарауынсыз қалған балалар. Сондықтан сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да, қашанда есте сақтап жүретін қарапайым ережелерді ескеріңіз.

    Жүзе алмайтын болсаңыз беліңізден жоғары болатын суға түспеңіз. Мас күйіңізде және тамақтанып алғаннан соң шомылу аймағынан алшақта болыңыз. Алкогольге қаныққан организмде өзін-өзі бақылау төмендейді, тыныс алу және жүрек қызметі ауырлайды, адамды ұйқы басады. Таныс емес жерлерде шомылмаңыз. Тексерілмеген су айдыны, терең шұңқырлар, қатты ағыс, лайлы жер – осының барлығы адам өліміне немесе жарақаттануына әкеліп соқтырады. Егер сіз жақында ғана сол су айдынында шомылған болсаңыз да түбін тексеріңіз. Себебі ішіп алған топ бірнеше минутта консерві банкілері мен бөтелке сынықтарын тастауы мүмкін.

   Жағажайлар, су станциялары секілді белгіленген жерлерде ғана шомылғандарыңыз абзал. Құтқарушылар бұл жерлердің қоқыстарын жинап, бақытсыз жағдайға душар болған жағдайда сізді мамандандырылған көмекпен қамтамасыз етеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Оларға су қоймалары бар аудандарда жалғыз жүруге рұқсат етпеңіз. Шомылу уақытында тіпті таяз жерлерде де оларды жалғыз қалдырмаңыз.

Б.Мұзаппар,

қалалық ТЖБ-ның аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты.

(Сурет интернет желісінен жүктелді).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы