КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ САЙЫСЫ

1  781 көрілім

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiне қарасты «Тiлдердi оқыту және дамыту» орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу байқауы өттi. Мақсаты – қазақ тiлiнiң көркемдiк ерекшелiгiн, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын дәрiптеу арқылы поэзияны сүюге үйрету.

Сәлемдесу, қазақтың белгiлi ақындарының прозалық шығармасынан және М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзiндi оқу бойынша 3 кезеңнен тұратын сайысқа 5 үмiткер қатысты. Сонымен бiрге көркем мәтiндi оқу шеберлiгi мен дауыс мәнерiне және киiм кию үлгiсiне мән берген қазылар алқасы байқауға қатысушыларды 5 балдық жүйе бойынша бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Ататүрiк атындағы №17 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы М.Өтебек, 2-орынды Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебiнiң 11-сынып оқушысы Н.Арзиметова иелендi. 3-орынға Шобанақ жалпы орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы С.Ғалымжан тұрақтады. Өнерiмен ерекшеленiп, жүлделi орындарға лайықты деп танылған жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Түркiстан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы