ДIНИ ЖОРАЛҒЫЛАРДЫ САҚТАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

1  305 көрілім

Қалалық мәдениет үйiнде облыстық бас мешіті жанындағы ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен дiни рәсiмдердiң сабақтастығын бiрiздiлiкке бағыттау мәселелерi» тақырыбында Оңтүстiк Қазақстан облысы халқына Үндеуiн талқылауға байланысты кеңейтiлген мәжiлiс болып өттi. Мәжiлiске облыстық дiн iстерi басқармасының бөлiм басшысы Б.Жалмұрзаев пен ҚМДБ-ның облыс бойынша өкiл имамының орынбасары М.Ақтамбердi және қаламыздың зиялы қауым өкiлдерi, мешiт имамдары, мектеп мұғалiмдерi және БАҚ өкiлдерi қатысты. Жиналысты қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Рысбеков ашып, жүргiзiп отырды.

Мәжiлiсте ұлттық салт-дәстүрлер мен дiни рәсiмдерiмiздiң басқа дiни ағымдардың әсерiнен жоққа шығып жатқандығы, сонымен қатар жерлеу рәсiмiнiң тәртiптерi яғни ас беру, жаназада ақша тарату, көрiсу тәртiбi, киiм тарату, кең дастархан жайып, ысырапшылдыққа жол беру сынды дiнiмiздiң заңдылықтарына қайшы келетiн әрекеттерiне тосқауыл қою мәселелерi кеңiнен талқыланды. Сондай-ақ, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзiретбергенов, «Түркiстан-Ахмет Яссауи» мешiтiнiң бас имамы О.Елеуұлы қонақтарға алғыстарын бiлдiрiп, Үндеудегi барлық заңдылықтар уақыт өте келе орындалатынын жеткiздi.

   «Түркiстан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы