- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Рамазан айының құрметiне орай облыстық мәслихаттың депутаты Б.Сүлейменов «Тұран» қайырымдылық мекемесiнiң оқушыларына арнайы дастархан жайып, ауызашар бердi. Аталмыш мекеменiң тәрбиеленушiлерi астан дәм татып, қайырымды iске ұйытқы болған азаматқа алғыстарын бiлдiрдi.
Қайырымдылық мекемесiнiң директоры Н.Сырлыбаев Рамазан айының қадiр-қасиетi жайлы ойымен бөлiсiп, дiни тақырыпта келелi әңгiме өрбiттi. Одан соң асқа бата берiлiп, ата-баба әруағына Құран бағышталды.
* * *
Айлардың сұлтаны Рамазан айында ораза ұстаған жандарға ауызашар беру үлкен сауапты iстердiң бiрi. Осындай игi iске мұрындық болған Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев бастаған бiр топ азаматтар қаладағы «Khanaka» қонақ үйiнде киелi қала жұртшылығына ауызашар бердi.
Шара барысында «Түркiстан-Ахмет Яссауи» мешiтiнiң бас имамы Омар қажы Елеуұлы ораза сабыр мен молшылық айы туралы уағыз айтса, Астана қаласы «Ақ жол» партиясы орталық кеңесiнiң хатшысы Сәбит Жүнiсбекұлы Қазақстанның 14 облысынан 40-қа жуық партия мүшелерi келiп қатысып, қасиеттi қалада ауызы берiк жамағаттың сауабына кенелу мақсатында бүгiнгi шараны ұйымдастырып отырғандықтарын жеткiзiп, жүрекжарды ақ тiлектерiн айтты.
* * *
Қасиеттi Рамазан айында ораза ұстап, шексiз сауапқа кенелгендей өзгелерге ауыз аштыру оданда сауапты iс. Рухани жаңару айында «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейiнiң ұйытқы болуымен қаладағы «Диадора» дәмханасында жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды.
Ауызашарда қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзiретбергенов, ақын, Түркiстан қаласының «Құрметтi азаматы» Н.Назаровтар жиналған көпшiлiктi қасиеттi Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразаның қабыл болуына тiлектестiк бiлдiре отырып, осындай игiлiктi iс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткiздi.


