Олардың амандығы, саулығы бәрінен маңызды екенін ұмытпаңыз. Мемлекет басшысы ауыр індеттің өршіп кетпеуі үшін сақтық шараларына аса мән беріп, ел төңірегіне төтенше жағдай енгізу жайлы Жарлық шығарды. Сол себепті, алдағы бір ай көлемінде тыныштық сақтап, аса сақтықпен әрекет етуге шақырамын. Аты жаман індетті сол кезде ауыздықтауға мүмкіндік мол.
АЙБАР МЫРЗАГЕЛДІ,
Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің 1-курс студенті.
