«АТЫ ЖАМАН ІНДЕТ, САҚТАНУ БАСТЫ МІНДЕТ!»

1  574 көрілім

Қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетінің күннен-күнге өршіп отырғаны баршамызға аян. Күншығыс елінен басталған бұл вирус қазіргі таңда жарты жаһанды жаулап отыр. Барлық жағдайды ескере отырып, біздің елде де төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дүрлікпеуге шақырып, ауруды жұқтырмаудың алдын алу керектігін де ескертті.

Сондықтан, баршамыз сақтық шараларын, жеке бас гигиенасын қатаң сақтайық. Дәрігерлер кеңесі бойынша қолды сабынмен 20 секундтан артық шаю керек. Денсаулықтың басты кепілінің бірі – спорт болып табылатындықтан, спортпен жиі шұғылдануды ұсынамын. Жаһанды жайлаған коронавирус індетіне өзіміздің ішкі иммунитетімізді күшейту арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Сондықтан, дүрлігуге жол бермей, барынша сақтық шараларын сақтайық.

Шора ИСМОЛДАЕВ,

Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы