- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Құшағына бірнеше этнос өкілдерін сыйдырған қазақ елінің қонақжайлылығын баршасы біледі. Кез-келген оқиғаға сабырмен қарап, байыппен шешетін қазақ елі бүгінде дүрбелеңге салынуда. Қазіргі таңда аталған індет өршіп тұрған екінші ошақ Еуропа халқы мемлекеттің ескертуіне құлақ аспағандықтан, індет жайлап кетті.
Сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ел амандығы үшін берілген ескертпелеріне құлақ асып, жиындар мен той-томалаққа уақытша шектеу қоя тұруымыз керек. Той тойлау мен мерекені атап өту ешқашан да кеш болмайды. Қазіргі уақытта басты құндылығымыз – халықты дүрлігуден арылту мен сабырға шақыру. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бекжігіт СЕРДӘЛІ,
Филология ғылымдарының кандидаты.