ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН САБЫР ТЫҒЫРЫҚТАН АЛЫП ШЫҒАДЫ

1  048 көрілім

Бүгінгідей аласапыран кезеңде бізді бұл тығырықтан сабырлылық, жауапкершілік қана алып шығады. Осындай келеңсіз шақта Мемлекет басшысының қабылдаған төтенше жағдай енгізу туралы шешімі орынды болды деп ойлаймын.

Мемлекет барлық деңгейдегі сақтық шараларын жасап жатыр. Әлеммен байланыс уақытша тоқтатылды. Адам жиылатын орындардың барлығы әр сәт сайын тазаланып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар пысықталып жатыр. Енді біздің меншігімізде билік басындағыларға қолдау көрсетіп, айтқандарын айна-қатесіз орындау ғана тұр.

Ешкімнің басына өзі көтере алмайтын сынақ келмейді. Біз бұл қиындықты да еңсереміз. Тек қана уақытша сынаққа сабырлық танытып, отбасымыздың, ауыл-аймағымыздың, Отанымыздың амандығы үшін барынша сақтық шараларын сақтайық.

Гүлзия ҚАРСЫБАЙ,

«Асар» еріктілер тобы төрағасының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы