ҰЯЛҒАН ҚЫЗ

1  674 көрілім

Мені көрсе қызарып ұялған қыз!

Арыла алмай жүрміз ғой қиялдан біз.

Жолықпастан жол түсіп бұ жалғанға,

Қалай ғана екеуміз сыйа алғанбыз.

Мені көрген ақ жүзің қызарғанда,

Біз арманға тоймаймыз бұ жалғанда.

Бал сезімде бөгелген бұзықтарда,

Махаббаттың бұл заңын бұза алған ба.

Ұялғаның дұрыс қой ұялғаның,

Ұялудан тұрмай ма ұяң жаның.

Ұяң жаның ұялар бұл кеудемде,

Сен сыйатын білгейсің ұям барын.

Бәрімізді сақтасын ұялмаудан,

Ұялшақ қыз арылма қиялдаудан.

Ұялғанға ұлы сый жаратқаннан,

Қиялдаумен келеді қияндардан.

Ұялмасаң іс болар таңданарлық,

Шоқтанып бір қарашы шам жанар қып.

Ұялудан басталған бар жақсылық,

Ұялмаудан өрбиді бар жамандық.

Сондықтанда ұяң қыз ұяла түс,

Ұяң күйде ақ шатыр ұяма түс.

Ақ жүзіңді әлдилеп мен өтейін,

Жарамасты мағанда қиянат іс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы