КӨКЕ МЕН ТЕКЕ

1  170 көрілім

Ашуыңның ашқандай ақ түндігін,

Неғып көке ұрса бердің сен бүгін.

Не десең де өлген теке өлді ғой,

Ақ текені тірілтеді енді кім.

Асқарым деп бастауым деп жүгінсем,

Тым ерекше ұрыстың ғой бүгін сен.

Болмашыға шыр-пыр болып кететін,

Осыныңа түңілемін бүлінсе.

Күйігінде кетемізбе текенің,

Өлген теке өлді енді нетемін.

Кейде осы ұрысқанда білмеймін,

Есіңде ме менің ақын екенім.

Ақ текеңе жемде бердім желпідім,

Ұрыспашы алған кезде ел тыным.

Жалғыз ақын ұлыңмын ғой мен сенің,

Күнде ақын туып жүрме кемпірің.

Болды көке ұрыспашы қоя бер,

Сабыр сақтап сырттай ғана сая бер.

Ақын адам еркіндікті қалайды,

Қалай ғана бұғалықта тояды ер.

Бұл ұрыстың мал ғана ма себебі,

Қу теке ме жалғыз саған керегі.

Неге көке тарта бердің тұрмысқа,

Түсінсеңші ақын болғым келеді.

Жә жә көке бір текеңіз кем міне,

Тағат бітті қу тұрмысқа телміре.

Не десеңде ақын елге көке тай,

Жол тартамын әйтеуір бір сенбіде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы