Түркістан облысында алғашқы рет ауқымды форматта «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жұптық сайысы ұйымдастырылды. Бұл шара тек жарыс қана емес, шынайы сезімнің, үйлесім мен махаббаттың, ұлттық құндылықтардың мерекесіне айналды.
Аталған сайыстың негізгі мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын жаңғырту, адал махаббат пен шынайы сезімді дәріптеу, сондай-ақ жастардың бойына сыйластық, сенім, адалдық және жауапкершілік қасиеттерін сіңіру. Сонымен қатар, отбасы құндылығын нығайтып, жұптар арасындағы өзара түсіністік пен үйлесімділікті арттыру көзделді.
Ұйымдастырушылар қазақы тәлім-тәрбие мен салт-дәстүрді заманауи форматта насихаттап, жас буынның ұлттық болмысқа деген құрметін күшейтуді басты назарға алды.
🎭 Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- «Өзін-өзі таныстыру»
- «Өнер – ортақ тіл»
- «Береке – бірлікте» (аспаздық шеберлік пен жұптық үйлесім)
- «Сұрақ-жауап және мақал-мәтел жалғастыру»
Әр кезеңде қатысушылардың шығармашылығы, тапқырлығы, сахна мәдениеті және жұптық үйлесімі қатаң бағаланып отырды. Бағалау процесін 6 төреші жүргізіп, соңғы шешімді бас төреші бекітті.
Сайысқа барлығы 7 жұп қатысып, өз өнері мен бірлігін көрсетті.
Айрықша атап өтетін жайт – бұл байқауға Ұлттық ұлан 5574 әскери бөлімінің рота командирінің ТжӘҚЖ орынбасары, аға лейтенант Ережепов Қалжігіт Ержігітұлы жұбайымен бірге қатысып, жоғары дайындық пен үйлесімді жұп екенін дәлелдеп, жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
🎁 ІІІ орын иегерлеріне демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды:
🎉 Ыстық көл жағалауына жолдама
💳 20 000 теңгелік сертификат
🎶 Жігіттер квартеті концертіне билет
💈 Барбершопқа сертификат
🛏️ «Махаббат көрпесі» атты ерекше сыйлық
Бұл сайыс – тек жарыс емес, жүректерді жақындастырған, ұлттық рухты жаңғыртқан, махаббат пен отбасы құндылығын дәріптеген тағылымды шара болды.
✨ Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы сайыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
