Тұраннан соққан долы жел,
Ер Түріктің ер мінезі секілді.
Екпіні күшті дүлей бір,
Қаратпас бұрып бетіңді.
Яссыдағы көк күмбез,
Көз жастан көл боп құралған.
Бақ құсы бізге жеткін тез,
Тұрақ тап дереу Тұраннан.
Амалсыз бізге күліп күн,
Күлімдеп шыққан жалыннан.
Мен Түрікпін Түрікпін,
Тәңірге ғана жалынған.
Көзімен өткір Түріктің,
Аспанда бұлтты түріппін.
Жалын шашам жаһанға,
Мәңгілік тұрмас кіріп түн.
Сен Түрікcің
Ол Түрік
Мен Түрікпін Түрікпін…
Тұқымымыз тұнықтың
Қыдырымыз қырықтың
Жұдырық бол дұшпанға
Ей Түріктер
Біріккін қане біріккін
Мен Түрікпін Түрікпін…
Бақытжан ДҮКЕНБАЙ,
Түркістан жоғары медицина колледжі жастар ұйымының төрағасы.