ЖӘМИЛА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТІГУДЕ

1  023 көрілім

Ел арасында қауіпті індеттің алдын алуға байланысты түрлі шаралар атқарылуда. Соның ішінде бірі тиімді сәттен пайда табуға ұмтылса, енді бірі қайырымдылық іске мұрындық болуда. Атап айтсақ, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округінде тігін тігіп, нәпақасын тауып отырған Жәмила Айдарбекқызы бір күнде 300 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін тарқатты.

Тігіншінің айтуы бойынша, қазіргі уақытта бетперде табу қиындық тудырады. Сонымен қатар, бағасы да шарықтап барады. Осындай қиын сәтте қолымнан келетін іспен айналысып өз үлесімді қоссам дейді.

Игілікті іс жасап, трғындардың салауаттылығын қалыптастыруға ерікті түрде атсаласып отырған ісмерге аудандық төтенше жағдай жөніндегі штаб төрағасының орынбасары Бағдат Айдарбеков: «Осындай сәтте қайырымды іс жасап отырған Жәмила Қанапинаға үлкен ризашылығымды білдіремін», – деп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Сондай-ақ, ауыл әкіміне алдағы уақытта тігіншіні матамен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, бұл бір рет қана пайдаланатын бетперде емес. Жуып, бірнеше рет пайдалануға болады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы