КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛУДЕ

1  501 көрілім

Түркістан облысы, Шардара ауданында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу және одан сақтануға байланысты бекітілген шаралар белгіленген жоспарға сай атқарылуда. Нақтырақ айтар болсақ, аудан аумағындағы азық-түлік дүкендерінен өзге тауар түрлерін сататын нүктелерде елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты жұмыстарын уақытша тоқтату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауданның белсенді жастары мен тиісті сала мамандарының қатысуымен короновирус індетінен сақтану ережелері жазылған жадынамалар таратылуда.

Сонымен қатар, Шардара қаласынан үш бағытқа қатынайтын автобекеттерге және Шардара-Шымкент бағыты бойынша санитарлық тексеру бекеті үзіліссіз жұмыс істеуде. Оған қоса, орталық аурухана қызметкерлері өзге қалалар мен аудандардан келген жолаушылардың денсаулығын қарап, тіркеуге алуда. Қазіргі таңда ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырған азамат анықталмаған.

Жалпы алғанда ауданда 10 төсек орындық инфекциялық госпиталь, 50 орындық провизорлық және 50 орындық обсервациялық госпитальдер мен 20 төсек орынға есептелген оқшаулау бөлімі қажетті дәрі-дәрмек, арнайы киімдер мен жатақ орындармен, қажетті құрал-саймандармен толық қамтылған.

Шардара аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан, аудан көлеміндегі бүкіл сауда орталықтары, шағын дүкендер, мейрамханалар және кафелерді дезинфекциялау жұмыстары белгіленген жоспарға сай жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы