АЙМАҚТАРДА БЛОК-ПОСТТАР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

918 көрілім

ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың ҚР территориясында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарда блок-посттар жұмыс істеуде.

«Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты блок-посттар тәулік бойы кезекшілікте тұр. Полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, әр бекет тәулігіне 400-ге жуық көліктерді тексерістен өткізуде. Онда мамандар арнайы 3 перометрмен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген құрылғы азаматтардың дене температурасын 2-3 секундта анықтайды.

Бұған дейін бекеттерде күдікті азаматтар анықталмады
Бұдан өзге, Түркістан облысындағы әрбір ауданның әкімшілік шекараларында да блок-посттар тұр.

Рузиахун МАДАЛИЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы