Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 вирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында аудан әкімі Ә.Өсербаевтың қатысуымен ауданда халыққа қызмет көрсететін мекемелер, дүкендер, Темірлан-Шымкент бағытында тасымалдау қызметімен айналысатын қоғамдық көліктерге дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Ғимараттан тыс ашық жерде түрлі өнімдер пісіретін дүңгіршектердің жабылатыны жөнінде ескерту жасалды.
Бастамаға 90 ерікті жұмылдырылып, вирустың алдын алуға үндейтін сақтық ережелері жазылған 3000 дана парақшалар таратылып, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға вирустың адамдарға берілу жолдары көрсетілген 2000 дана ақпараттық жапсырмалар ілінді. Аудан орталығында орналасқан LED – экранда короновирустан сақтанудың шаралары туралы түсірілген бейнероликтердің көрсетілді.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйым белсенділерінің бастамасымен өз қаражаты есебінен аудан тұрғындарын вирусқа қарсы бетперделермен қамтуды қолға алып, бетперделер тігілуде. Алдымен 1500 дана бетперде аудандағы осал топтағы азаматтарға, одан соң тұрғындарға таратылатын болады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
