Бүгін Түркістан облысындағы Бәйдібек аудандық орталық аурухананың қызметкерлері арнайы топ болып бөлініп, аудан халқы арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында Шаян ауылындағы 1379 тұрғын үйлер мен адамдар көп шоғырланатын мекемелерде болып, төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шараларды түсіндіріп, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.
Бекітілген кестеге сәйкес, орталық аурухананың қызметкерлері аудандағы барлық ауылдық округтердегі тұрғын үйлерді жеке-жеке аралап, сақтық шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Ләззат САРЫБАЕВА.
