Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Отырар ауданындағы тігін цехтарында бетперде тігу жұмыстары қолға алынды. Аталған жұмыстарға қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкерлер демеушілік жасап, қолдарынан келгенше көмектерін аямауда.
Осындай жаны жомарт жандардың бірі ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Аралбай Асан сын сағатында азаматтық танытып бетперде тігуге қажетті материалдарды тегін жеткізіп берді.

Қазіргі таңда Отырар ауданының орталығындағы «Ағысай» тігін цехы бетперде тігу жұмысын бастады. Бұдан бөлек көмек беруге ниеттенген кәсіпкер азаматтардың ұйытқы болуымен бірнеше тігін цехтарында бетперде тігу жұмыстары ұйымдастырылып, дайын болғандары тұрғындарға тегін таратылуда.
Ләззат САРЫБАЕВА.
