- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Кеше елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 16 наурыз 8:00-ден 15 сәуір 7:00-ге дейін төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған болатын. Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізу уақытын кейінге шегерілуі айтылды.
Осы мақсатта, қала әкімдігінде Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті. Түркістан қаласы аумағында төтенше жағдай уақытында қауіпсіздіктің алдын алу шаралары жүйелі жүргізіледі. Атап айтсақ, тойханалар, театр, көрме сынды халық көп шоғырланатын жерлер қызметін тоқтатып, оны қадағалау полиция қызметкерлеріне жүктелді. Базарлар жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстары күшейтілмек.
Бүгін шаһар басшысы Рашид Аюпов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне осы мәселе бойынша ақпарат берді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бүкіл әлемді дүрліктіріп отырған короновирусты пандемия деп жариялануына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, барлық қала, аудандарда шұғыл шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде. Осы жарлыққа сай қала аумағындағы халық көп шоғарланатын орындарда той-томалақтың, жиындардың өткізілмеуі тұрақты бақылауға алынып, рейдтік шаралар жүргізіледі. Алайда, бұған құлақ аспаған тұрғындар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен бірге, қаладағы базалар мен сауда орындары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар өз жұмысын жалғастыра береді. Бүгінде қала тұрғындарына қажетті 19 түрлі азық-түлік өнімдері жеткілікті қоймаларда сақтаулы. Бұл жөнінде алаңдауға негіз жоқ», – дейді қала әкімі.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.