САУДА ОРЫНДАРЫНДА БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ

917 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейдтік шараларын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қалалық мәслихат депутаты М.Қорғанбаев, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің мамандары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Жұмысшы топ қаладағы «Шапағат», «Әл-Каусар», «Шаңырақ, «Береке» сауда орындарымен қатар, «Алтын бұлақ» базарында болды. Мұнда қала тұрғындарына қажетті азық-түлік және тағы басқа да қажетті өнімдер сөрелерде самсап тұрғанына көз жеткіздік. Сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған келеңсіз жағдайға байланысты халық арасында азық-түлік бағалары қымбаттап кетіпті деген алып-қашпа әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын байқадық.

Біздер болған сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер сол бұрынғы бағаларында саудаланып жатқанын, қажетті заттардың толық екеніне куә болып қайттық. Алдағы уақытта қала аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы