- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі келушілер үшін өз жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпараттық агенттігі қорық-музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 14 наурыз 2020 жылғы №63 бұйрығына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары аясында қолға алынды.
Бүгін, яғни 16 наурыздан бастап Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан бегім, Үкаша ата, Әлқожа ата, Гауһар ана кесенелері мен Сауран, Күлтөбе қалашықтары, жалпы қорық-музейге қарасты өзге де тарихи-мәдени орындарға келушілер үшін уақытша шектеу қойылады. Зиярат орындарының нақты қашан ашылатыны қосымша хабарланатын болады.