ӘДЕБИ ДОСТЫҚ – МӘҢГІ ДОСТЫҚ

1  871 көрілім

Қаламыздағы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясында өзбек поэзиясының ірі тұлғасы Әлішер Науаидың 578 жылдығына орай «Әдеби достық – мәңгі достық» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Аталмыш мектептегі онкүндік аясында өткізілген шараға ҚР «Достық» қауымдастығы жанындағы «Ижодкор» әдеби бірлестігінің төрағасы А.Пратов, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, профессор Қ.Ергөбек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Е.Розметов, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ақын Н.Назаров және қаламыздағы көптеген қалам ұстаған жандар қатысты.

Жиында  2018  жыл – Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында атқарылған жұмыстар қорытындысы және биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында атқарылатын ауқымды жұмыстар мен міндеттер, қазақ тілінен өзбекшеге, өзбек тілінен қазақшаға аударма жұмысын жандандыру, Жазушылар одағы облыстық бөлімшесі жанынан аударма филиалын құру, жас қаламгерлерді қолдау сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ, қонақтар әдебиеттер достығы – халықтар достығы жайлы көптеген ұсыныстарын, ой-пікірлерін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы