Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп белгілегені баршамызға аян. Жастар – ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Осы тұста Жастар жылына орай қалалық мәдениет үйінің мұрындық болуымен «Жас толқын – Ұлы Дала Әні-2019» аймақтық эстрадалық әншілер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту.
Байқауға 15 пен 24 жас аралығындағы 18 үміткер қатысты. Жарыста жанды дауыста ән шырқалып, әннің тақырыбына қатысты бейнероликтер, хореографиялық және театрлық қойылымдар көрсетілді.
Аймақтық эстрадалық байқаудың нәтижесі бойынша 3 орынды Аңсаған Сәрсенбай, Орынбай Бекбол, 2 орынды Нұрханым Тілеубек, Қуаныш Абжалов, 1 орынды Даут Баратов еншіледі. Дауыс ерекшелігімен тыңдарман қауымды баурап алған Руслан Төлеген бас жүлде иегері атанды.
«Түркістан»,
Әсем ӘМІРЕЕВА


