ЖАСТАРМЕН ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

1  807 көрілім

Қаламыздағы Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде “Халқы сүйген қаламгер” атты көрнекті ақын, қазақ ұлттық этнографиясының жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегмановпен кездесу өтті.

Жиын барысында оқу орнының студенттері ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен етене танысып, сырлы сұхбат құрды.

«Түркі дүниесі тұтас болуы керек» деген Мұстафа Шоқайдың ұстанымы, жұртына деген жанашырлығы ақын көңіліне ерекше леп беріп, тəнті етіп «Мұстафа Шоқай жолымен» атты тарихи-зерттеу кітабы жарық көрген. Айта кетерлігі, осы кітаптың желісімен деректі фильм түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылған еді.

Бүгінде 15 кітап жазған, студент кезінен-ақ алғашқы басылымдары жарық көрген қаламгердің əлі де жазары көп. Ақын өз сөзінде “Дəстүр: кеше, бүгін, ертең” атты төрт томдық кітабында 100-ге жуық тұлғамен сұхбат құруына 15 жыл уақыт жұмсағанын айтты. Бұл үлкен ізденімпаздылық пен жауапкершіліктің нәтижесі екені белгілі-ақ.

Ұлттық құндылықтар, ырым-тыйым, салт-дəстүрді қолға алған “Дəстүр” республикалық журналының редакторы колледж жастарының дайындаған өнерін, қойылымдарын, күмбірлете шерткен күйлерін тамашалады. Көршілес Ташкент, Бішкек қалаларында және Ұлан-Батырда кітаптарының тұсауы кесілген ақынның көрген-білген, жүрген жолы білімгерлерге ерекше əсер сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы