КЕНТАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

1  096 көрілім

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен Яссауи даңғылы №112 тұрғын үйді пилоттық жобаға енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 44 пәтерге газ жылытқыш қазандықтары орнатылды. Ал, пәтер иелері газ жылытқыш қазандықтарымен жылу алуда.

Сонымен қатар, газды ас әзірлеу үшін және ыстық су алу бойынша да қолданып отыр. Аталған ауданға газ жүйесін жүргізген мердігер мекеме «КаzGasCompany KGS». Қазіргі таңда жоғарыда аталған көп пәтерлі тұрғын үйге орнатылған автономды газ қазандықтарын, резервуарларды, газгольдерлерді «Кентау сервис» МКК балансына алып, жұмыс жүргізеді.

Көп қабатты тұрғын үйге газ балон арқалаған тұрғындар ол күндер енді артта қалды деп дән риза. Айта кетейік, алдағы уақытта Кентау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жалғасатын болады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы