ДИХАНДАРҒА ЖЫЛЫНА 2-3 ӨНІМ АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҰСЫНЫЛДЫ

1  315 көрілім

Ордабасы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен бір алқаптан жылына 2-3 өнім алудың тиімділігін арттыру мақсатында Шұбар ауыл округіндегі «Ақ-Орда-Б» ЖШС-нің егістік алқабында тәжірибе алмасу бағытында семинар өтті. Семинарға ауыл округі әкімдері мен жер инспектор мамандары, аудандық фермерлер одағының төрағасы, аудандық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ жобаларды сүйемелдеу маманы, «ЫРЫС» микро қаржы ұйымы ЖШС-і Ордабасы аудандық филиалы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Ақ-Орда-Б» ЖШС-нің директоры Бахытжан Балтабайұлы 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған. 2019 жылы ерте көктемде голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім алған. Бұл шаруашылыққа кәсіпкер 48 млн. теңге жұмсаған болса, ал табысы 80 млн. теңгені құрапты. Ал, екінші өнімі 7 гектар жерге 14 млн. теңгеге «Коронет» қырыққабатын отырғызып, одан мол өнім алып, қазіргі таңда қырыққабаты қоймада сақтаулы тұр.

2020 жылға «Ақ-Орда-Б» ЖШС 22 гектар егістік алқапқа картоп және 5 гектар жерге «Белка» қырыққабатын егуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге Ресей елінен 65 тонна «аризоно», «коломбо» картобының ұрығын әкелген. Шарада кәсіпкер Бахытжан Балтабайұлы бір алқаптан жылына 2-3 өнім алудың тиімділігі бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, шаруа дихандарды осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, Қараспан ауыл округіндегі «Еңбекшіл» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Зұлпыхарұлы да ауыл шаруашылығы дақылдарынан жылына 2-3 өнім алуға болатынын, іс-жүзінде жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы