МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАДЫ

1  089 көрілім

Қаламыздағы С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайында облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Ел тәуелсіздігі – қастерлі құндылық» атты іс-шара өтті.

Жиынға Түркістан қаласының Құрметті азаматы Е.Бимағамбетұлы, ақын, музейтанушы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Н.Назаров, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.Аренова, Н.Оңдасынов атындағы музейдің меңгерушісі Ұ.Әзіретбергенова, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы С.Бейімбетова және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкері Е.Көшербай қатысып, тәуелсіз еліміздің жай-күйіне тоқталып, құттықтауларын білдірді.

– Тәуелсіздік қазақ халқына оңай жолмен келген жоқ. Біз Желтоқсан оқиғасына қатысып, еліміз үшін, ұлтымыздың шырағы сөнбесін деген ниетте көптеген қазақ жастары болып, осы оқиғаға қатыстық. 16-желтоқсан күні алаңға жиналдық. Егер, біз бұл іске жұмыла қатыспасақ, Ресейдің құрамына кіріп, ұлтымыз жойылады деген ақпараттар айтты. Біз, әрине, көтеріліске қатысып, «Біздің ана тілімізді, дәстүр-салтымызды білетін басшы керек» деген үндеумен сол жерден тапжылмай, қарсы тұрдық. Бізге жасалған қысымдар да болды. Барша көтеріліске шығушыларды соттап, қудалау мақсатында суретке де түсірді. Қазақ жастары ішімдікке құмар, нашақор деп айыптау мақсатында бір көлік жәшікпен ащы су да әкелді. Ұрып соқты, қақаған суықта үстімізге су да шашты, нәтижесінде, тіпті жағамыз да мұз болып қатқан. Дегенмен, жастықтың алауымен біз мойымадық, артқа шегінбедік, – деді С.Бейімбетова.

Сондай-ақ, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен көрме көрсетілді. Онда тәуелсіз, кең байтақ еліміздің өткені мен бүгіні жайлы, мемлекетіміздің басынан өткен тарихи оқиғалар мен қақтығыстар жөнінде фотокөрмелер қойылып, ақпараттар айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы