Жастар арасында өткен республикалық «Көк тудың желбірегені» атты ақындар аламанында Түркістанның намысты ұлы Тұрар Тілеулиев бас бәйгені еншіледі. Жылда дәстүрлі түрде Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында өткізілетін айтыс, биыл тұңғыш рет рухани шаһарда ұйымдастырылды. Аламанға қазақ жұртына белгілі С.Әуезхан, Б.Байтуов, Н.Құрманов, Д.Ысқақов, Ә.Жақсылық, М.Жақып, Ж.Мырзабек, Н.Әнәпия сынды жалпы саны 10 ақын қатысты. Еліміздің түрлі аймақтарынан келген дүлдүлдер Тәуелсіздікті, елдікті, ерлікті жырлады.
Осы тұста, қаламыздың беделін арттырып, талантын таныта білген жерлесімізді жеңісті жолымен құттықтаймыз!