МИНИСТР ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ЕКТІ

1  424 көрілім

Күн жылынып, көктемнің шуағы жер бетіне тараған сәттен бастап аймақты көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі мықтап қолға алынатыны жасырын емес.

Көпке үлгі боларлық шара Жетісай қаласы мен Қазыбек би ауылдық округін байланыстыратын үлкен жолдың бойында өтті. Мұнда аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, ауданның ерікті азаматтары, қаладағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының еріктілері мыңға жуық түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызды.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қатысты.

Министр бастаған облыс басшылары жетісайлықтармен кездесу барысында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, Жетісай топырағына көшет отырғызды.

Белсенді азаматтардың демеушілігімен отырғызылған көшеттердің ішінде түрлі декоративті ағаштармен қатар шырша, қара ағаш, соболь, арша бар.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы