- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Сапаркүл Әбутәліпова 1947 жылы Мақтарал ауданында дүниеге келген. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қадірлі қария. 1970 жылы Қараөзек совхозының құрылуына атсалысқан ол отағасы Жоламан екеуі совхоздың малын бағып еңбек еткен.
Бүгінде 24 құрсақ көтеріп 60-қа тарта немере мен оннан астам шөберенің қызығына батып отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген батыр ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты омырауына.
«Мен 1970 жылдан бері қарай мал шаруашылығымен айналысам. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болдым. Біреуіміз далада, біреуіміз үйде. Сөйтіп жүріп 24 перзентті дүниеге әкелдім»,- дейді батыр ана.
Елбасының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында Сапаркүл апайдың перзентерінің бәрі өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, несібелерін тауып жүр.
Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті, шаңырақтың шаттығы мен берекесін тербетіп, елді жаудан қорғайтын батыр ұлды да, даудан қорғайтын ақын ұлды да өмірге алып келетін алтын құрсақ ақ жаулықты аналарымызға бүгінде мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар аз емес. Біріне мемлекет тарапынан үй берілсе, енді біріне жергілікті әкімдердің кәсіпкер, қолы ашық жандарды ұйымдастыруымен баспаналар сыйға беріліп, құрмет көрсетіліп жататыны бар.
Бүгінде әлем назарын өзіне аударып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған асулары ана жүрегін қуантады. Ел тыныш, халық тоқ. Әйтсе де, тоқшылық пен тыныштыққа тәубе келтіре алмайтын кейбір азаматтардың бүгінгі іс-әрекеттері батыр ана жүрегіне қаяу түсіреді.
«Жеке бас пайдасы үшін бейбіт елдің тынышын бұзып, берекесін қашыру жақсы емес. Мемлекет халықтың, көпбалалы аналардың жағдайын жақсарту үшін бар мүмкіндікті жасап жатыр. Қаржылай жәрдемақылар беріп, мейілінше баспанамен қамтуда. Біздің осы берекеміздің тасығанын көре алмайтын кейбір азаматтар елдің арасына іріткі салып, елдігімізге зиянын тигізіп жатыр. Жеке бас пайдасы үшін көпбалалы аналарды пайдалануда»,-деп қынжылады батыр ана.
Көз жанары нашарласа да елдегі, әлемдегі жаңалықтардан шет қалмайтын Сапаркүл апа жүрген жерінде елді ынтымаққа шақырып, елдің тыныштығын тілеуден шаршамайтынын айтады. Өйткені, әрбір азаматтың қол жеткізген жетістігі – жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың жемісі деп біледі.
Бауыржан НАЙМАНОВ.