ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

957 көрілім

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Осы орайда, Түркістан облысы, Келес ауданы, «Біртілек» ауылдық округі «Ерболат» шаруа қожалығының егістік алқабында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске облыс әкімі Ө.Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, «Ел өнімі – Республикалық жобасының» облыстық жетекшісі Ақбаян Төлбасықызы, агроқұрылым басшылары, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тыңайтқыштар, гербицидтер таныстырылды. Бүгінгі күнге 127 ауылдық округ анықталып, 4,0 мың га аумақта 1390 жобаны іске асыру басталды. Қазірдің өзінде 1,8 мың га-да 634 шаруа қожалық бірінші өнімін алу үшін егіске кіріскен.

Бұл нағыз Түркістан облысына арналған жоба. Келешегі бар, маңызы зор іс. Өйткені, бұл өңірде өзге аймақтармен салыстырғанда күннің жылуы жоғары. Сондай-ақ, республикада 214,0 мың шаруа қожалық болса, 71,0 мың агроқұрылым бізде тіркелген. Оның ішінде 3 га дейін – 28,0 мың, 5 га дейін – 18,0 мың шаруа қожалық, яғни облыстың 65% ұсақ, майда шаруа қожалықтары. Сондықтан ұсақ, майда шаруа қожалықты кемшілігіміз емес, артықшылығымыз деп бағалауымыз керек.

Сондай-ақ, семинар-кеңесте «Ел өнімі – Республикалық жобасы» бағдарламасы аясында көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында «Үйіргелік жерлерді игеру» жобасы таныстырылды.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

(Мәліметтер Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан алынды)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы