Түркістан облысы, Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков жылға жуық жабық тұрған Ақсукент ауылындағы “Ардагерлер үйі” кеңсесінде болды. Республикалық ардагерлер ұжымы қоғамдық бірлестігінің Сайрам аудандық филиалы төрағасы Әлібек Байназаров кеңсенің бір жақ бөлмесі жалға берілгенін, яғни екінші бөлмесіне ұзақ уақыттан бері кісі кірмеген күйде, күтімсіз қалғанын айтты.
Бұл жөнінде аудан әкімі құрылыс бөлімінің басшысы Е.Серікбаевқа “Ардагерлер үйі” кеңсесін қалыпқа келтіру үшін жұмсалуы мүмкін қаражаттың жобасын әзірлеу үшін тапсырма берді.

Айта кетейік, Сайрам ауданында 5 – Ұлы Отан соғысының ардагері, 980 – тыл ардагері және 15 мыңға жуық Еңбек ардагері тұрады.
Рузиахун МАДАЛИЕВ.