200 ОРЫНДЫ ҚОС МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

1  184 көрілім

Түркістан облысы, Қазығұрт ауыл округіндегі Қазығұрт елді мекені мен Жаңабазар ауыл округінде «Андас-Групп» құрылыс мекемесі 2 гектар жерге 200 балаға шақталған 2 қабатты қос білім ұясын биыл жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беруді жоспарлауда.

Сондай-ақ, ауданда ағымдағы жылы Жаңабазар ауыл округі, Қазақ ССР 20 жылдығы елді мекенінде 200 орынға арналған “К.Әзірбаев” жалпы орта мектебінің құрылысы басталады. Білім ордасы 2021 жылы пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, Қазығұрт ауыл округі, Ащыбұлақ елді мекеніндегі «Ашыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылыстары жүргізілуде.


Розиахун МАДАЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы