ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

1  248 көрілім

Қаламыздағы Түркістан жоғары медицина колледжінде «Өнерге қанат қаққандар» атты байқау өтті. Жарыс еліміздің басты мейрамы Тәуелсіздік күні мен Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орын алды. «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты оқу ордасының шығармашыл жастары «Жазба ақындар мүшәйрасы», «Күйшілер» және «Көркемсөз оқу шеберлері» сынды аталымдар бойынша додаға түсті.

Қазылар алқасында Түркістан жоғары медицина колледжінің көркемдік жетекшісі Қ.Бектұрғанов, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мирзахметова, қалалық жастар ресурстық орталығының инспекторы Е.Тұңғышбаев, оқу бөлімінің меңгерушісі Л.Кулимова қатысып, өнерпаздарды саралап, тиісінше бағалады.

Жастар өнерден келте еместігін тағы бір мәрте айқындады. Олар күмбірлете күй шертіп, ән де шырқап, мейрамға арқау болған тақырып бойынша поэзиядан да оқып, әсерлі кеш сыйлады.

Шара соңында сайысқа түскен студенттерге көрсеткен өнеріне сәйкес орындар беріліп, арнайы дипломдар тапсырылды. Аталған жүйріктер аламаны жылда өткізіліп, білімгерлердің шығармашылығын дамытып әрі дәстүрлі өнерімізді дәріптеуге арналған. Сондай-ақ, олардың бойынан рухани-мәдени жаңа серпін қалыптастырып, талабын арттыруға үлкен қадам болмақ.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы