Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін орын ол – балабақша. 1917 жылы Алматы қаласында ең алғаш еліміздегі тұңғыш балабақша ашылған. Бертін келе ондай мекемелердің саны күн сартып артуда. Мемлекеттіктен бөлек, жеке орындар да көбейіп жатыр. Соның бірі – Кентаудан ашылған «Дин-Асыл2» бөбекжай балабақшасы.
Жеке кәсіпкер Айгүл Оразбаеваның балабақша саласында жұмыс жасап жүргеніне 9 жылдан аса уақыт өтті. Ең алғаш 2011 жылы Сарыағаш ауданынан 475 орынға, одан соң Қазығұрт ауданынан 350 орындық балабақша ашқан.
Ал, биыл Кентау қаласынан 300 балаға арналған заманауи қажетті дүниелермен қамтылған, тәрбие бастауын ашты. Онда төлемақы көлемі 5000 теңге. Нақтырақ айтсақ, баланы үйден алып кету, жеткізу барлығы мекеме есебінен болады. Тіпті, ағылшын, орыс тілдерімен қатар, би үйірмелері де жұмыс жасайды.

Айта кетейік, жаңадан іргесін қалаған балабақшада Кентау қаласының 60 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.