КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУДА

1  383 көрілім

Түркістан облысы, Төлеби ауданының диқандары егістік алқаптарда көктемгі дала жұмыстарымен қоса жылыжай жұмысына кірісіп кеткен. Несібесін жер анадан іздеген шаруалар жылдағыдай мол табысқа кенелуді жоспарлауда.

Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жеке кәсіпкер А.Ералиев 5 соттық жерге қызанақ ексе, Қ.Садырбаев жылыжайында салат жапырақтарының көшеттері отырғызған. Жылыжайлар тамшылатып суару әдісін қолдануда. Бұл дегеніңіз суды мейлінше үнемдеу мен қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ал, «М-Нұрай» ЖШС 1,78 га, «Жас Ұлас» ЖШС 1,2 га жылыжайда көшеттер егу үшін дайындық жұмыстарын аяқтаған. Алғабас елді мекенінде жеке кәсіпкер Н.Бурибаев ауданы 45х6 м болатын жылыжайда көшет өндірумен айналысуда. Мұнда кәсіпкер қызанақ, болгар бұрышы, қарбыз, қауын дәндерін себуді жоспарлап, табысын еселеуде көздеуде.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы