ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

993 көрілім

Бүгін “Emerge” Халықаралық tech-конференциясының баспасөз мәслихаты өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында дамып жатқан tech-хабты қолдау.

Осы мақсатта, шараның Лондондағы ұйымдастырушысы Алина Безгулова мен Минсктегі ұйымдастырушы Марго Лазаренко, “Serpin” білім және инновация ұлттық палатасының директоры Әкім Тұрсын елімізде алғаш рет Түркістан қаласында өтетін конференция жайында түсіндірді.

EMERGE алғаш рет 2018 жылы өткізіліп, tech ұйымдарының қызығушылығын танытқан болатын. Нәтижесінде, бір жылда 22 елден 1500-ден астам адам қатысқан. Ал, осы жылы түркі дүниесінің рухани астанасында өтуі кездейсоқтық емес,-дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Microsoft, Samsung, Huawei, PicsArt, Google, Facebook, Amazon, Speaker Examples, Abbyy, Uber, Revolut, skyeng, MTS, Alibaba өкілдерімен жүздесе алады.

Осы мақсатта, өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға 10 000 АҚШ долларын алуға мүмкіндік болады.
Ендеше, “EMERGE” технологиялық, инновациялық компанияларды құру мен дамытуға қызығушылығы жоғары азаматтарды шақырады. Ал, үздік деп танылған 5 стартап конкурстың жартылай финалына өтіп, 1-2 маусымда Минсктегі EMERGE жобасына EMERGE xTURKISTAN атынан қатысады.

Айта кетейік, конференцияға қатысу тегін. Ендеше, қатысушылар тізімінде болғыңыз келсе 12 наурызға дейін https://emergeconf.io/turkistan/kz сайты арқылы өтінім қалдырыңыз.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы