ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН БИБІСАРА АНА

1  010 көрілім

Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтылмаса керек. Бір шаңырақтың ғана емес, үлкен бір әулеттің берекесін келтіріп, несібесін тасытқан асыл аналарымыз баршылық. Осындай алтын құрсақты аналарымыздың бірі, 81 жастағы «Батыр ана» Бибісара Шотаева. Ол өмірлік жары Шері Тоғайбеков екеуі 1957-ші жылы шаңырақ көтеріп, 8 қыз, 2 ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Алайда тағдырдың жазуымен жолдасынан ерте айырылады.

Қазіргі таңда аяулы ана 33 немере, 10 шөбере сүйіп, зейнетінің бейнетін көріп отырған қадірлі жан. Бір отбасының екінші келіні атанған Бибісара Шотаева ата-енесін қадірлей біліп, сый құрметімен елге танылып, ибалы келін атанған. Әйел бақыты – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Қазірде перзенттері медицина, білім, заң салаларының беделді қызметкерлері.

Он сегіз мың ғаламда анадан ардақты тіршілік иесі жоқ. Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулы ананың ақ сүтінен тарайды. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің демографиясына өз үлесін қосып отырған ақ жаулықты анамызға ерекше құрметімізді білдіреміз.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы