ЖҰМЫСЫ БАҒАЛАУҒА ЛАЙЫҚ ЖАНДАР

1  033 көрілім

Түркістан қаласының әсем қалпын сақтауға күш салып жүрген жандардың бірі көше сыпырушылар дер едім. Олар таңның атысы, кештің батысына қарамай аянбай еңбек етеді. Тіпті, мезгіл таңдамай тұрғындарға жағдай жасайды. Мұны назарға алған біз, әйелдер мерекесі қарсаңында олардың еңбегін ескеріп, жұмысшы азаматшалармен тілдесіп көрдік. Соның бірі – 53 жастағы Райхан Жапалова.

Бүгінде 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты жан. Адал еңбегімен аянбай тер төгіп жүрген тазалықшының кәсібіне деген сүйіспеншілігін сөзінен-ақ аңғаруға болады:

-Негізі өзім экономист мамандығы бойынша біліп алғанмын. Десе де, осы салада жүргеніме 10 жылдан аса уақыт өтті. Бүгінде өңіріміз күннен күнге дамып жатқандықтан біз атқарар істер де еселенуде.  Адамдардың кейбірі жұмысымызды елеп-ескеріп жатса, енді бірі қоқыстарын кез-келген жерге тастап кетіп жатады. Бір бригадада 15 адам жұмыс жасаймыз. Жұмыс уақыты таңғы 8:00- ден, кешкі 18:00-ге дейін. Осы жасап жүрген жұмысым өзіме ұнайды,- дейді Райхан Қырғызәліқызы.

Қаламыздың сән-сәулетін қалыптастыруға атқан таңмен таласып, ауыр жұмыс жасап жүрген әйел азаматшаларының жұмысы бағалауға лайық деп білеміз. Десе де, әйел табиғаттың нәзік жаратылысы. Бойындағы нәзіктікке қарамастан, жасаған жұмысы нардың жүгіндей.

Ендеше, ауыр істің айналасынан алшақтамай, абыройлы іс атқарып жүрген аналарға Алла күш қуат берсін.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы