«ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ» ХАЛЫҚҚА БЕРЕРІ МОЛ

780 көрілім

Облыс әкімдігінің «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету тұрақты жүзеге асырылуда. Жоба аясында демеушілер мен қорлар арқылы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен тұрмыстық заттар алып беру, медициналық көмек, жұмысқа орналастыру және өзге де мәселелер бойынша жәрдем көрсетіліп, еңсе тіктеулеріне жағдай жасау көзделген.

Жақында қала тұрғыны жалғыз басты ана Данагүл Куженованың үйіне қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев арнайы барып, демеушілердің есебінен алынған тігін машинасын, үтік және өзге де қажетті құралдарды табыстады.

Үш айлық курсты оқып, құрақ құрау, киім, белдемше сынды дүниелер жасау қолынан келетін шебер зор құлшыныспен жұмыс жасауға уәде берді.

Айта кетейік, екі қыз тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана жалдамалы пәтерде тұрады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы