- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – Сіздің үйіңіздегі береке мен тыныштықтың кепілі.
Өрт сөндірушілер біріншіден 101-ге қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады. Бірақ әрекет ету орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық. Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесіктерінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндіргішке жүгіру керек. Егер кинескоп жарылса, онда улы түтін қауіпті. Сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға ескертіңіз. Теледидарды перделерден 70-100 см кем емес арақашықтықта орналастыруға кеңес береміз, оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті. Розеткаға кедергісіз жол болу керек.
Баланың тентектігінің нәтижесінде материалдық үлкен шығын және баланың денсаулығына зиян немесе орны толмас қайғылар болып жатады. Бәрімізде білеміз, қосылған күйде ұмытылып қалған үтік, баланың қолына түскен шырпы қандай жағдайға әкелетіні белгілі. Сонда да, осы себептерден өрттердің пайда болуы қайталана береді. Баланың отпен ойнауына тиым салу тек қана өрттің алдын алу емес, балалардың бақытты қаунышты өмірі екенін естеріңізден шығармағандарыңыз жөн болар.
Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз.
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Т.ДОСАЛИЕВ.