КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ КӘСІПТІ МЕҢГЕРГЕН

825 көрілім

Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Қайрат Қазыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өз кәсібін бастауға 4 млн теңге жеңілдетілген несие алып, ауылшаруашылық саласының бірнеше түрін қолға алып, жұмысын жандандырып келеді. Атап айтсақ, 10 жылқы, 10 великан қояны мен 200 тауықты бағып қағып, өз кәсібін ұйрықша дөңгелетіп отыр.

Алдағы уақытта да бұл шаруашылықты мықтап қолға алып, кеңейту бағытында жұмыс атқармақшы. Сонымен қатар, инновациялық «Гидро пунт» жобасын бастап, қазіргі таңда бидай, арпа өнімдерімен де айналасуда.

Осындай ауылшаруашылық саласында бірнеше кәсіпті игеріп отырған жеке кәсіпкер Қайрат Қазыбаев жер ананың ырзығын меңгеріп, оны тиімді пайдаланып, күтіп баптап, еңбектенсе ғана одан мол өнім алатыны бізді жігерлендіріп тастады. Еңбекті қаншалықты сүйетінін, оны диханшылықпен ұштастырып, кәсіп етіп, бүгінде еңбегінің жемісін көруге қадам басып отыр.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы