КОРОНАВИРУС ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫН АЛАҢДАТЫП ОТЫР

903 көрілім

Қытай елінде тіркелген коронавирус инфекциясы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Қазіргі таңда бұл ауру 69 елде таралып, 90 мыңнан астам адам тіркелген. Індеттің таралу аймағы қарқынды түрде кеңеюде. Еліміздің сыртқы істер министірлігі және шетелдегі өкілдіктеріміз жағдайды назарда ұстап отыр.

Атап айтар болсақ, инфекция жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Алайда шекаралас мемлекеттерде жаппай тарап жатқандығына байланысты, елімізде сақтық шаралары да күшейтілуде. Бұл бойынша әуежай қызметі мен сауда-саттық жұмыстары да уақытша тоқтатылып отыр. Мамандар сол мемлекеттерге шықпауға кеңес береді.

ҚР Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда «Б» жоспары дайындалғанын мәлімдеді.

Кейбір өңірлерде коронавирус инфекциясымен науқастар тіркелді – деген жалған ақпараттар тарауда. Осындай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұранамыз.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы