ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ

918 көрілім

Бүгінде жұрт сақтана жүруі тиіс аурудың бірі – вирусты гепатит. Көпшілік жұрт оны «сары ауру» деп атайды. Бауырды зақымдайтын бұл вирустық инфекция адамнан адамға ауыз су, тамақ, жанасу-тұрмыстық жолдар, қан арқылы беріледі.

Гепатит белгілері: науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі де, 1-3 күн аралығында сақталып тұрады. Бас ауруы, айқын көрініс беретін жалпы әлсіздік, бұлшық еттердің ауыруы, қалтырау, ұйқышылдық, түнгі уақыттағы ұйқының бұзылуы байқалады. Тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмді сезу, жүрек айнуы, кейде құсу, оң жақ қабырға астының, қарын үстінің ауырсынуы және қолайсыздықтың сезілуі, несеп түсінің өзгеруі аңғарылады. Одан кейін нәжіс түссіз болып кетеді, көздегі аққабықтың сарғаюы білінеді.

Вирустық В және С гепатиттері ең ауыр ауруларға шалдықтырады. Вирустық гепатит онымен залалданған анасынан нәрестеге өтеді. Қауіпсіз қанды және оның құрылымдарын құю кезінде де жұғуы мүмкін. Сондай-ақ науқастың және тасымалдаушының қанымен залалданған құралдар арқылы, медициналық немесе медициналық емес мекемелерде, стерилизация.

Бұл ауру тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде, стерилденбеген шприц инені қолданғанда, есірткі дайындау үшін жалпы ыдыстарды пайдаланған кезде жұғады. Гепатитпен ауыратын адаммен бірге тұрған жағдайда жеке бас гигиеналық заттарын (ұстара, қайшы, тіс ысқышты жәнет.б.) бірге пайдаланған кезде жұғу қаупі еселеп артады.

Сондықтан вирусты гепатит вирустарының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет. Жеке бас гигиенасын сақтау және гигиенаны сақтауға арналған заттарды жеке пайдаланып, оның талаптарын қатаң сақтау қажет. Балаларыңыз тамақтанудың алдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақ көкөніс пен жеміс мұқият жуылып желінсін, сапалы ауыз суды қолдану қажет.

Медициналық мекемелерге және косметологиялық қызметке жүгінген кезде сақтау мерзімі өтпеген, герметикалық орамадағы, бір рет қолданатын медициналық және косметологиялық құралдардың қолданылуына, медициналық, қолдарының залалсыздандырылуына назар аудару қажет. Ешқашан есірткі тұтынбаңыз. Кездейсоқ жыныстық қатынастардан сақ болу қажет. Вирустық гепатиттің алдын алудың ең сенімді кепілі – вакцинация.

Г.КАЛЖАНОВА,
Түркістан қалалық ТКҚСҚББ бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы