ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР ТҰЛҒА

1  180 көрілім

Абай атындағы №31 жалпы орта мектебiнде жерлесiмiз, ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай еске алу кешi болып өттi. Кештiң басты қонағы – ақынның қызы, асылдың тұяғы Ләззат Сарыбаева мен немересi Поэзия Бекпатшаева болды.

Кеш барысында қайсар мiнездi ақын Қаныбек Сарыбаевтың шығармашылығымен жақын танысып, ақын туралы тың деректерге қаныға түстiк. Оқушылар ақын құрметiне өздерiнiң жүрекжарды арнау өлеңдерiн оқыды. Сондай-ақ, кеш қонақтарына көкейде жүрген сауалдар қойылып, оған тұщымды жауаптар алынды.

Ләззат Қаныбекқызы әкесi туралы кеңiнен әңгiмелеп бердi. Қаныбек Сарыбаевтың әрбiр өлеңi мен жыр жауһарында ерекше мән мен толқыныс бар. Ақын жырларынан туған жерiмiз, Отанымыз – ең басты байлығымыз екендiгiн түсiнiп, санамызға түйдiк.

“Жақсыдан жақсы туар жарқыраған” дегендей, алтынның сынығы Ләззат Қаныбекқызына үлкен жетiстiктер мен шығармашылық табыс тiлесек, ақынның немересi Поэзияға өмiрдегi өз жолын табуына ақ жол тiледiк.

Кеш соңында қонақтарға сыйлықтар ұсынылып, естелiкке суретке түстiк.

Назерке ЖҰМАХАН,

Аружан ЖОЛДАСБЕК,

Абай атындағы №31 жалпы орта мектептiң 10-сынып оқушылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы