Бүгін бәйдібектік көпбалалы аналардың қуанышында шек болмады. Нақтырақ айтсақ, Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев алтын құрсақты аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен келіп жеткен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Еліміздің демографиясына өз үлестерін қосып отырған 17 ақ жаулықты ананың 1-уі «Алтын алқа, 16-ы « Күміс алқаны» кеуделеріне тағып, мерейлері тасыды.

Салтанатты кеште аудан басшысы көп балалы аналарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Көпбалалы аналар – мемлекетіміздің алтын діңгегі. Сондықтан, елімізде көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан қамқорлық бүгінде жыл санап артып келеді.
Ләззат САРЫБАЕВА.
