«1 наурыз алғыс айту күні» мерекесіне орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында волейболдан 2008-2009 туылған жасөспірім ұлдар арасында Шардара аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Аталған жарысқа Шардара ауданына қарасты округтерден келген мектеп командалары қатысты.
Жарыстың мақсаты – жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Тартысты өткен сайыста шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрініп І орын А.Әлімбетов, ІІ орын С. Ерубаев, ІІІ орын Жаушықұм командаларына бұйырды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталып, медальдармен қоса бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Түркістан-ақпарат».
