АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!

1  032 көрілім

Түркістан қалалық мәдениет үйінде кемеңгер тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай әлемі» атты қалалық байқау өтті. Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлы ақынның есімін ұлықтау жəне Абай мұраларының жастар арасында кең таралуына ықпал ету мақсаты көзделді.

Байқаудың салтанатты ашылуында ұлы ақын өмірінен өрілген бейнетаспа көрсетілді. Өскелең ұрпақ санасына терең ой салатын байқауға жоғары санатты мұғалім Қырмызы Баймен, мәдениет үйінің директоры Лиза Шамет және осы жолдардың авторы қазылық етті. Қаламыздағы орта арнаулы оқу орындары мен қалалық білім бөліміне қарасты білім ошақтарынан Абайдың шығармаларымен терең сусындаған талантты 16 оқушы, студент жастар өз бақтарын сынады.

Жарыстың бірінші кезеңі бойынша қатысушылар ақынның қарасөздерін жатқа оқыды. Екінші кезеңінде Абай шығармашылығынан ЛЭД экран арқылы, тақырыптық сұрақтар қойылды. Ойы сергек, талапты да талантты жастар Абайдың шығармашылық əлеміне терең бойлап, рухани өрелерін жарқырата көрсете білді.

Абай оқулары байқауының мәрелі сәті де келіп жетті. Қазылар алқасының мүшелері өнер бəсекесіне қатысқан барлық оқушыларға игі лебіздерін жеткізіп, марапаттау рәсімін жасады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияның оқушысы Көркем Әбдіғали қарасөз оқу өнерін еркін меңгерген қасиетінің арқасында бас жүлдені қанжығасына байлады.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы