Естеріңізде болса, ақпан айының 28 күні Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы бойындағы қонақ үйлердің бірінің әріп қателігіне шүйліккен едік. Аталған мекеменің иесі 3-4 күнде олқылықтың орнын толтыруға уәде берген.
Нәтижесінде бүгін атауы өзгеріп, “ұ” әріпі қойылды. Яғни, ” Алтын уя” атауы “Алтын ұя” болып өзгертілді. Айтылған сөз, берілген уәде мерзімінен бұрын орындалды.

Ендеше, осы сынды тілдік нормалар дұрыс қолданылмаған жағдайда сіз де бей-жай қарамаңыз. Мемлекеттік тіл мәселесіне салғырттық танытпайық.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.