ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

962 көрілім

Ауылшаруашылығы қызметінің майталманы Сейткәрім Ахметовтың тұрған үйіне қойылған ескерткіш тақтаны ашу рәсімі болып өтті.

Шараның ашылуына абзал да абыройлы азаматтың достары, қызметтестері, туыс-туғандары қатысты. Әуелі марқұмның әруағына Құран бағышталды. Сөз сөйлеген достары азамат келбеті жайлы естеліктерімен бөлісті.

Түркістан қаласының құрметті азаматының өмірден өткеніне13 жыл. Бүгінде тірі болғанда 81 жасқа толар еді. Осы аталған ескерткіш тақтада Сейткәрім Омарұлының 1992 -2007 жылдар аралығында осы үйде тұрғаны көрсетілген.

Айта кетсек, Сейткәрім Ахметов 1939 жылы Түркістан қаласында туылған. Әр жылдары құрылыс мекемесінде жұмысшы, мал дәрігерлік лабораториясында меңгеруші, бас мал дәрігері, ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, мал бордақылау совхозының директоры, ет комбинатының директоры лауазымды қызметтерін атқарған. Қоғамдық жұмысқа да белсенді араласып, Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы болған. Өмірлік жары Жамила екеуі 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы